Алматы облысында садақ атудан ел үздігі анықталады

Алматы облысында садақ атудан ел үздігі анықталады
ҚР ҰОК

Алматы облысында садақ атудан Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ересектер арасындағы ел біріншілігі 28 қыркүйек пен 4 қазан аралығына жоспарланған. Садақшылар Алматы облысында орналасқан «Ақбұлақ» олимпиадалық орталығында өзара мықтыны анықтайды. 

Айта кетерлігі, «Ақбұлақта» ел үздігін анықтауға барлығы 150-ге жуық садақшы бас қосады.