425,63 492.05 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Велоспорттан әлем чемпионаты: жастар арасында жекелей сын бойынша жеңімпаздар анықталды

  • 156
  • UPD: 14:19, 22.09.2021
Велоспорттан әлем чемпионаты: жастар арасында жекелей сын бойынша жеңімпаздар анықталды

Бельгияда шосседегі велоспорт бойынша әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті күнінде жастар арасында жекелей сын бойынша үздіктер анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған санат бойынша Қазақстан сапынан Андрей Ремхе мен Максим Тараскин жарыс жолына шықты. Велодода қорытындысы бойынша Андрей Ремхе 26-шы орынға, Максим Тараскин 37-ші орынға жайғасты. 

Дания өкілі  Густав Ванг топ жарып, жарыс жеңімпазы атанды. Ұлыбриятаниялық Джошуа Тарлинг мәреге екінші болып жетсе, Бельгия спортшысы Алек Сеграт үшінші болды.

Ал қыздар арасындағы бәсекеде Қазақстан сапынан Елена Мандракова мен Бота Батырбекова қатысты. Елена Мандракова 28-ші, ал Бота Батырбекова 38-ші орынға тұрақтады.

Ресейлік Алена Иванченко жарыстың алтынына ие болды. Ұлыбриятания өкілі Зои Бэкстедт күміс, ал германиялық Антония Нидермайер қола жүлдегер атанды.

Хабар 24 телеарнасы