425,63 492.05 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Әскерилер арасындағы әлем чемпионаты: қазақстандық бес боксшы жартылай финалға шықты

  • 184
  • UPD: 11:19, 23.09.2021
Әскерилер арасындағы әлем чемпионаты: қазақстандық бес боксшы жартылай финалға шықты olympic.kz

Бұл күндері Мәскеуде әскерилер арасында бокстан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жеті қазақстандық боксшы турнирдің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің жартылай финалдағы қарсыластары келесідей:

49 келі. Теміртас Жүсіпов (Қазақстан) - Володя Мнацаканян (Ресей)

52 келі. Дамир Абдикадир (Қазақстан) - Шон Иман Мари (Ирландия)

56 келі. Рүстем Шауменов (Қазақстан) - Овик Оганесян (Ресей)

64 келі. Айтжан Әшірхан (Қазақстан) - Муджибилло Турсунов (Өзбекстан)

75 келі. Тимур Нұрсейітов (Қазақстан) - Морено Фендеро (Франция)

91 келі. Абзал Құттыбеков (Қазақстан) - Сохеба Буафия (Франция)

69 келі. Жасмин Кизатова (Қазақстан) - Барбара Мария дос Сантос (Бразилия)

Әлем чемпионатының финалистері 23-24 қыркүйек күндері анықталады. Ал финалдық жекпе-жектер 25 қыркүйекке жоспарланған. 

Хабар 24 телеарнасы