Морозов UFC-дегі келесі жекпе-жегін қашан өткізетінін айтты

Қазақстандық файтер Сергей Морозов журналист Игорь Лазоринге берген сұхбатында UFC-дегі келесі жекпе-жегі қашан өтетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қазанда маған жекпе-жек бермейміз деді. Қарашаның не желтоқсанның соңында өткізесің деді. Сондықтан қараша-желтоқсанда шығып қаламын. Дайындықты бастадық. Қараша ма, желтоқсан ба, тіпті, қаңтар ма – маған бәрібір. Маңыздысы, жекпе-жек өткізу», – деді Морозов.