Хоккейден Қазақстан чемпионатының сегізінші туры өтті

Хоккейден Қазақстан чемпионатының 8-туры өтті. Ең нәтижелі деп, «Бейбарыс» пен «Номад» және Алматы мен Сарыарқа арасындағы матчтарды айтуға болады.

«Бейбарыс» өз алаңында елордалық клубты қабылдап, 4:3 есебімен ұтты. Соның арқасында турнир тізімінің екінші сатысына жайғасты. Бірінші орында Арлан тұр. Олардың ұпайлары тең. Тек қосымша көрсеткіштер бойынша соңғысы алда келеді. Көкшетаулық клуб соңғы кездесуін сырт алаңда өткізді. Өскемен қаласында жергілікті Алтайды 3:2 есебмен ұтты. Осылайша Арлан бірінші, Бейбарыс екінші, ал Торпедо үшінші сатыға орналасты. Соңғысы Ақтөбе командасын жеңді. Алдыңғы бестікті Сарыарқа мен Құлагер түйіндеп тұр. 8-тур аясында Сарыарқа Алматыны 8:0 есебмен ұтса, Құлагер Теміртаудан 4:0 есебімен басым түсті.

Жерлестеріміздің жолы болмады. Елордада теннистен халықаралық турнир жалғасып жатыр. Жұптық сында ел намысын Дмитрий Попко мен Тимофей Скатов қорғаған. Олар алғашқы айналымда Мексика және Аргентина теннисшілерімен жолығып, 6:4, 6:7, 10:6 есебімен есе жіберді. Ал жекелей сында Скатов Беларусь спортшысынан жеңілді. Осылайша ұлттық құрама мүшелері жарыс жолынан шығып қалды. Айта кетейік, күні кеше Андрей Голубев пен Александр Недовесов ширек финалға шықты. Қазақстандық жұп енді Франция және Монако тенисшілерімен кездесесіп, жартылай финал жолдамасын сарапқа салады. Елордадағы жарыс 2 қазанға дейін жалғасады. Турнир көрермендердің қатысуымен өтіп жатыр.