Гандболдан Азия чемпионаты: Қазақстан командасы жартылай финалға шықты

Қазақстан командасы гандболдан Иорданияда өтіп жатқан 18-ші Азия чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Біздің команда А тобында сынға түсіп, өз тобында екінші орын алған. 

Топтық кезеңде қазақстандықтар Гонконг, Сингапур, Өзбекстан командаларын жеңген болатын. 

Топтағы соңғы ойында Қазақстан мен Оңтүстік Корея кездесіп, қарсыластар 40:20 есебімен жеңіске жетті. 

Осылайша, Қазақстан командасы жартылай финалда В тобында бірінші орын алған Жапония құрамасымен кездеседі. Екінші жартылай финалдық матчта Оңтүстік Корея мен Иран арасында өзара мықты анықталады.