«Барселона» қатарынан үш ойында жеңіске жете алмады

Испания Ла лигасының 6-туры аясында «Барселона» сырт алаңда «Кадиспен» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 0:0 есебімен аяқталды.

Осылайша, «Барселона» Испания чемпионатында қатарынан екі ойын тең тарқасты. Өткен турда каталониялықтар өз алаңында «Гранаданы» жеңе алмады (1:1).

Ал оған дейін Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде «Бавариядан» 3:0 есебімен ұтылған. Демек «Барселона» үш ойын қатарынан жеңіске жете алмады.