Гандболдан Азия чемпионаты: Қазақстан әйелдер құрамасы қола жүлдені сарапқа салады

Амманда (Иордания) осы күндері әйелдер арасындағы гандболдан Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының жартылай финалында Жапониямен кездесті. Екеуара кездесу 38:24 (18:16, 20: 8) есебімен Жапония командасының еншісіне шешілді.

Нәтижесінде Қазақстан құрамасы құрлықтық чемпионаттың қола жүлдесін сарапқа салатын болады.