Алматыда кёрлингтен әлем кубогы басталды

Алматыда кёрлингтен әлем кубогы – Назарбаев атындағы XX кубок жарыстары басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Байрақты бәсекеде бақ сынау үшін 6 мемлекеттен 12 команда жиналған. Олардың арасында Финляндия, Эстония, Ресейден келген спортшылар бар. Үш күнге жоспарланған сайыс «Алматы Арена» мұз айдынында өтіп жатыр. Назарбаев атындағы кубок осыған дейін әлемнің бірқатар елінде ұйымдастырылған. Ал, Алматыда алғаш рет өткізіліп отыр. Жарыстың ашылу салтанатына Халықаралық кёрлинг федерациясының өкілдері де қатысты.

Амантай Күренбеков, Қазақстан Кёрлинг федерациясының президенті:

- Бұл кубок тек қана Қазақстанда өтіп жатқан жоқ. Кезінде бұл кубок Кореяда да өтті, Финляндияда да өтті, Назарбаев атындағы кубок деп өткізді. Бұл Дүниежүзілік федерацияның біздің еліміздегі кёрлингке көзқарасы жоғары деңгейде екені белгілі деп санаймын.