Қуат Хамитов Сочиде өткен жекпе-жекте жеңіліс тапты

33 жастағы қазақстандық файтер Қуат «Найман» Хамитов «Пиранья» лақап атты 28 жастағы ресейлік Мариф Пираевтен жеңілді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл айқас Сочиде өткен AMC Fight Night турнирінің басты шоуы болды.

Жекпе-жек толық үш раунд өтіп, оның қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан Пираевқа берді – 30-27, 29-28, 30-27.

Бұл Хамитовтың карьерасындағы сегізінші жеңілісі, сонымен бірге, ол 21 жеңіске жетіп, бір рет тең түскен. Пираев болса 27-ші жеңісіне жетті, оның төрт жеңілісі мен бір тең түскен айқасы бар.