Атақты боксшы Головкинмен жұдырықтасқысы келеді

43 жастағы аргентиналық боксшы Серхио Мартинес әлем чемпионы атағы үшін қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасқысы келеді.

Бұл туралы Prosports.kz хабарлайды.

Ертең, 26 қыркүйекте Серхио Мартинес ағылшын боксшысы Брайан Роузбен қолғап түйістіреді. Осы жекпе-жектен соң Геннадий Головкинмен кездесуді жоспарлап отыр.

«Дәл қазір тек мансабымды ойлап, чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасуға мүмкіндік іздеп жүрмін. Титулдық жекпе-жекке шығу үшін Геннадий Головкинге де, Риота Муратоға да, Крис Юбэнкке те қарсы жұдырықтасуға дайынмын.

Егер Оскар де ла Хойя шаршы алаңға оралып, титулды бәске тіксе тамаша болар едім. Бірақ көрмелік жекпе-жек болмаса болғаны. Мен өтірік емес, нағыз белбеуді жеңіп алғым келеді», - деді боксшы The Ring басылымына берген сұхбатында.

Сондай-ақ...