425,95 492.05 6.00
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Александар Усик бірден 4 чемпиондық белбеуге ие болды

  • 139
  • UPD: 19:38, 26.09.2021

Украиналық боксшы Александр Усик британдық Энтони Джошуаны жеңіп, бірден ауыр салмақтағы 4 чемпиондық белбеуді иеленді.

Жекпе-жек Лондондағы «Тотенхэм» клубының стадионында өтті. 12 раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті украиналық былғары қолғап шеберіне берді.

Осылайша, Энтони Джошуа кәсіпқой бокста екінші рет жеңіліске ұшырап, чемпиондық белбеулерінен айырылды.

Ал Александр Усик кәсіпқой бокстағы 19 кездесудің бәрінде жеңіске жеткен.

Хабар 24 телеарнасы