Қазақстандық теннисші Анна Данилина Astana Open турнирін жеңіспен бастады

Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Astana Open WTA турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Данилина ресейлік Анна Блинковамен бірге бастапқы кездесуін қазақстандықтар Жібек Құламбаева - Гөзал Айнитдиновамен өткізді. 1 сағат 17 минутқа созылған матчта бірінші сетте Данилина мен Блинкова басымдық танытты - 6:3. Екіншісінде қазақстандықтар бір де бір гейм берген жоқ - 6:0. Гөзал мен Жібек супер тай-брейкті де әдемі бастап, сенсация жасайтындай көрінген. Дегенмен тәжірибелі қарсыластары күш алып кетті - 10:8. Осылайша қазақстандық-ресейлік жұп екінші айналымға өтті.