Головкин келер жылы кіммен жұдырықтасады?

Британия боксшысы Крис Юбэнк-кіші келер жылы орта салмақта IBF пен IBO чемпиондық белбеулерінің иегері Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Хабар 24 Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Екеуіміздің жекпе-жегіміз алдағы 12 айдың ішінде өтетінін білемін. Өтпей қалуына қандай да бір кедергі көріп тұрғаным жоқ. Головкиннің командасы қызығушылық танытып отыр.

Бокс жанкүйерлері де бұл айқасты көргісі келеді. Бұл өте ауқымды жекпе-жек. Оның үстіне Ұлыбританияда өтетін болса», - деді боксшы Boxing Social басылымына берген сұхбатында. 

Бұған дейін Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн өзінің екі клиенті – Геннадий Головкин мен америкалық Деметриус Андраде арасында бірігу жекпе-жегін ұйымдастыруға мүдделі екенін айтқан еді. 

Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин – IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы чемпион, WBO нұсқасы бойынша Деметриус Андраде, WBC бойынша Джермалл Чарло, WBA Super орта салмақта белбеу иегері Риота Мурата. 

Сондай-ақ...