Жанкүйер асыға күтті: Мессидің ПСЖ сапындағы алғашқы голы (видео)

Чемпиондар лигасы топтық кезеңі екінші турының сегіз ойыны өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл турда аргентиналық футболшы Лионель Месси жанкүйерлерінің көптен күткен арманы орындалды. ПСЖ сапына ауысқалы Месси алғашқы голын қарсылас қақпасында тулатты.

Қарсылас та осал емес, азулы «Манчестер Ситидің» өзі. Оның бапкері Хосеп Гвардиола екенін жақсы білесіздер.

Матчтың 8-минутында Идрисса Гуэй ПСЖ-ны алға шығарған болатын. Ал 74-минутта Лео алаңның орта тұсынан пас алып, қарсылас қорғаушыларына дес бермей, тоғыздыққа дөп түсірді. Осылайша «Манчестер Ситиді» 2:0 есебімен ұтты. Бұл – ПСЖ-ның «МанСитден» алғаш рет басым түсуі.