«Реал Мадрид» клубы Молдова футболшыларынан жеңіліп қалды

ПСЖ «Манчестер Ситиді» жеңді. Футболдан чемпиондар лигасының топтық кезеңі жалғасып жатыр. Көпшілік тағатсыздаға күткен матчтардың бірі Парижде болды. Жергілікті Пари Сен-Жермен манчестерлік клубты қабылдап, 2:0 есебімен ұтты. Алдымен Идрисса Гейе мергендігімен көзге түсті. Ал екінші кезеңде Лионель Месси париждік клуб сапындағы алғашқы голын соқты.

Осылайша франциялық клуб өз тобының бірінші сатысына жайғасты. Ал Хосеп Гвардиола баптайтын команда бір саты төменде. Екеуінің арасын 1 ұпай бөліп тұр.

«Реал Мадрид» молдовалық «Шерифтен» ұтылды. Мадрид қаласында өткен мачта қонақтар есеп ашты. Екінші кезеңде Карим Бензема  таразы басын теңестірген. Бірақ «Шериф» сапындағы Себастьян Тиль кездесу соңында өз командасына жеңіс сыйлады. Осылайша Шериф 6 ұпаймен Д тобының бірінші сатысына жайғасты. Реал екінші тұр.

Тағы бір аса тартысты матч Португалияда өтті. Жергілікті «Порту» өз алаңында «Ливерпуль» командасын қабылдаған. Қонақтар 5 гол соқты. Мохамед Салах пен Роберто Фирмино дубльдің авторы атанды. Бұған қоса Садио Мане де мүмкіндігін мүлт жібермеді. Қортынды есеп: 5:1. Осының арқасында Юрген Клопп баптайтын жігіттер 6 ұпаймен өз тобының бірініш сатысына орналасты.

Қазақстан әлемдік рейтингте жоғарылады. Дүниежүзілік додадағы тарихи жеңістен кейін ұлттық құрама бір саты көтеріліп, 6-орынға жайғасты. Ал келесі қарсыласымыз Португалия 5-орында. Олар да соңғы кездесуден кейін бір саты жоғарылады. Ал өткен жылғы әлем чемпионатының жүлдегері Иран 7-орынға түсіп қалды. Айта кетейік, жерлестеріміз ширек финалда Иранды 3:2 есебмен жеңген. Соның арқасында жартылай финалға жолдама алды. Кезекті матч 30 қыркүйекте өтеді. Оған параллель финалдың екінші жолдамасына Бразилия мен Аргентина таласады. Әлем чемпионатының жалпы қорытындысы 3 қазанда белгілі болады.

Сондай-ақ...