426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

«Алтын доп» қашан беріледі

  • 162
  • UPD: 12:23, 30.09.2021
«Алтын доп» қашан беріледі

France Football журналы «Алтын доптың» қашан берілетінін хабарлады.

Іс-шара 29 қараша күні Парижде өтеді. Ал «Алтын допқа» үміткер футболшылардың тізімі 8 қазан күні шығады. 

2020 жылы пандемияға байланысты «Алтын допты» табыстау шарасы өтпеген болатын. Осыған дейін France Football 2021 жылы екі бірдей жүлдені тапсырады деген ақпарат шыққан. Кейбір дереккөздердің ақпараты бойынша, 2020 жылғы «Алтын допты» Роберт Левандовски алады. 

Ал шілде айында Goal.com басылымы 2021 жылғы «Алтын допқа» үміткер футболшылардың тізімін жариялаған. Ол тізім бойынша аргентиналық шабуылшы Лионель Месси көш басында тұрған. Ал «Бавария» шабуылшы Роберт Левандовски мен «Челси» қорғаушысы Н'Голо Канте үздік үштікке енген.

Ақпарат көзі: vesti.kz 

Хабар 24 телеарнасы