Футболдан 9 жасқа дейінгі балалар арасындағы республикалық турнир өтті

«Намыс» кубогы. Дәл осындай атаумен елордада республикалық турнир өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 12 команда жиналып, 3 күн бойы өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде финалға «Ордабасы» және «Оқжетпес» шәкірттері шықты. Тартысты өткен матч алғашқысының жеңісімен аяқталды. Қорытындысы есеп: 4:2. Ал, үшінші орын «Астана» командасына бұйырды.

Айта кетейік, жарыс 9 жасқа дейінгі балалар арасында өтті. Футбол жанашырлары енді жыл соңына дейін басқа да жас деңгейлері бойынша, яғни, 7, 8 және 10 жастағы балалардың осындай форматтағы бәсекесін өткізбек. Осы арқылы отандық футболдың дамуына тың серпін бергіміз келеді дейді.