Попко Лиссабондағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Лиссабонда (Португалия) өтіп жатқан «Челленджер» сериялы турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші айналымда отандасымыз германиялық Бенджамин Хассанды жеңді.

1 сағат 21 минутқа созылған 6:2, 6:4 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, Попко турнирдің бірінші айналымында италиялық Лоренцо Джустиноны 1:6, 6:3, 4:1 есебімен жеңген болатын.