Жәнібек Әлімханұлының кезекті қарсыласы белгілі болды

Жәнібектің кезекті қарсыласы белгілі болды.

Қазақстандық боксшы франциялық Хассан Н'Дам Н'Жикаммен жолығады.

Кейінгісі орта салқмақта WBA және WBO тұжырымдары бойынша бұрынғы әлем чемпионы. Кәсіпқой рингте 43 кездесу өткізіп, 38-сінде жеңіске жеткен. Оның 21-ін уақытынан бұрын аяқтады. Жасы 37-де. Ал, 29 жастағы Жәнібек Әлімханұлының көрсеткіші 10 жекпе-жек, 10 жеңіс. Қос мықты арасындағы айқас 5-ші қараша күні Лас-Вегас қаласында өтеді.

Айта кетейік, Жәнібек соңғы рет бірер ай бұрын жұдырықтасты және дәл осы қалада бұрынғы әлем чемпионы Роб Брантты жеңді.