Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова спорттағы мансабын аяқтады

Қазақстанның титулды теннисшісі Ярослава Шведова спорттағы мансабын аяқтады.

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. Елордада өтіп жатқан Astana Open WTA 250 турнирінде федерация өкілдері спортшыны құрмет көрсетіп, шығарып салды.

Айта кетейік, Шведова өзінің спорттық мансабында үлкен жетістіктерге жетті. Grand Slam жарысында жеңіске жетті. WTA турнирлерінде үздік атанды. Ол Қазақстан құрамасында 13 жыл ойнады. Спорттық мансабын аяқтағанымен спортшы әйелдер құрамасының капитаны болып қалады.

Ярослава Шведова, Қазақстанның теннистен әйелдер құрамасының капитаны:

- Менің спорт мансабым ұзақ болды. Ең алдымен, мені тенниске әкелген, табысқа жетуіме, жақсы спортшы ретінде қалыптасуға бар күшін салған ата-анама алғыс айтамын. Сондай-ақ мені әрқашан қолдап, шабыттандыратын және адал жанкүйерім болған күйеуіме алғыс айтқым келеді. Әрине Қазақстанның теннис федерациясына ерекше ризашылығымды білдіремін. Ел намысы үшін талай жарысқа қатысып, жеңіс әкелгенімді мақтан тұтамын. Маған сеніп, қолдау көрсеткен жанкүйерлеріме рақмет.