Елордадағы триатлон федерациясы жылды қорытындылады

Елордадағы триатлон федерациясы жылдың соңғы жарысын өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған 150 адам қатысты. Ботаникалық баққа жиналған спортшылар 30 шақырым жолда жүгіріп, веломарафонмен жүріп өтті. Жарыста 15 жастағы спортшы үздіктер көшін бастады. Жеңімпаздарға медаль, спорт киімдері мен сертификаттар табысталды. Жалпы бас қалада 500-ге тарта адам триатлонмен айналысады. Жылдың қорытынды сайысына премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов келіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер министрінің орынбасары:

- Елдің жігерін көтеру үшін жиналып отыр деп ойлаймын. Сондықтан кішкентай уақыттар қалды. Үлкен жеңіске жетем деген оймен стартқа барады деп ойлаймын. Бәріңізге жеңіс тілейміз.