425,63 492.05 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты Түркияда өтеді

  • 119
  • UPD: 22:23, 03.10.2021
Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты Түркияда өтеді blogspot.com

Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты Түркияның Стамбул қаласында өтеді деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл туралы АІВА мен Түркия бокс федерациясы арасындағы келісім кезінде белгілі болды. Әлемдік дода желтоқсан айының басына жоспарланып отыр. 

Турнир тарихында алғаш рет жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ірі көлемде сыйақы берілмек. 

Атап айтар болсақ, әлем чемпионатының жүлде қоры 2,6 миллион долларды құрап отыр. 

Еске сала кетейік, ерлер арасындағы әлем чемпионаты 24 қазан мен 6 қараша аралығында Сербияда өтеді.

Хабар 24 телеарнасы