ФИФА футзалдан Қазақстан құрамасына арнайы сыйлық табыстады

Футзалдан әлем чемпионаты аяқталды. Үміттенген қола бізге бұйырмады.  Жарыстың соңғы күні финалдық сындар өтіп Қазақастан мен Бразилия үшінші орын үшін таласқан еді. Тартысты ойында біздің ойыншыларымыз есе жіберді. Қортынды есеп 4:2.

Матч аса тартысты басталды және жерлестеріміз есеп ашты. 12-ші минутта Альберт Ақбалықов мергендігімен көзге түсті. Одан кейін де ұлттық құрама қарқынды күшейтіп, қарсыластарын қысымға алды. Тіпті, Дәурен Нұрғожинда есепте еселейтін бірнеше  мүмкіндік болған. Бірақ, бірінші кезеңде нәтиже өзгермеді. Ал екінші кезеңде Рего Тайнан автогол соғып алды. Дәл осы жағдай ойынның барысын өзгертіп жіберді.  Артынша Тайнан қателігін түзеп, ұлттық құраманы алға шығарған. Алайда, матчтың аяқталуына 5 минут қалғанда қақпамызға 3 доп соғылды. Қорытынды есеп: 4:2. Бразилия қола жүлдегер. Қазақстан 4-орында.

Рикардо Кака, ұлттық құраманың бас бапкері:

– Бұл әлем чемпионатында өнер көрсету – зор мәртебе. Бізге қолдау көрсеткен қазақ еліне алғысымыз шексіз. Үздік ойын өрнегімізді көрсете білдік. Үшінші орын үшін таласта Бразилияға есе жібердік. Олар өте мықты команда. Бізді қазақстандықтар мақтан тұтады деген ойдамыз.

Леонардо Игита, ұлттық құраманың капитаны:

– Алаңға көтеріңкі көңіл-күймен шықтық. Ойын барысын да солай өткіздік. Бразалиямен бір деңгейде өнер көрсеттік. Кей сәттерде олардан басым болдық. Қазақстанның футзалы қаншалықты дамығанын көрсеттік. Осы бағытта жалғастыра береміз. Жанкүйерлерге рақмет. Сіздер бізге күш-қуат бердіңіздер. Осы жерде де бізге зор қолдау көрсетілді.

ПОРТУГАЛИЯ – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ

Ал әлем чемпионатының бас жүлдесін Португалия мен Аргентина сарапқа салды. Бұл сында Кәрі Құрлық ойыншылары жеңіске жетті. Қорытынды есеп: 2:1. Айта кетейік, Рикардиньо бастаған жігіттер жартылай финалда Қазақстан құрамасын жеңген еді. Енді әлем чемпионы атанып отыр. Бұған дейін олар Еуропа чемпионатын да топ жарды. Байрақты бәсекенің нәтижесінде Қазақстан құрамасына арнайы жүлде табысталды. Халықаралық футбол федерациясы «fair play», яғни адал ойын сыйлығын берді.

«БАРЫС» ЕСЕ ЖІБЕРДІ

Барыс есе жіберді. Елордалық клуб құрлықтық дига аясында Ярославль қаласының Локомотивімен жолыққан. Сырт алаңда өткен матч 4:3 есебмен аяқталды. Бір айта кетерлігі алғашқы қос голды қазақстандық команда соқты. Алдымен Кёртис Волк, одан кейін Якоб Берглунд мергендігімен көзге түскен. Бірақ, алаң иелері ойын соңына дейін нәтижені теңестіріп, тіпті, алға шығып та үлгерді. Осылайша «Барыс» қатарынан үшінші рет жеңіліп отыр. Салдарынан 13 ойыннан кейін 10 ұпай жинап, Шығыс конференциясының 8-сатысына жайғасты. Енді Юрий Михайлис баптайтын жігіттер «Авангард» клубмен жолығады. Матч 6-шы қыркүйекті  Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

ПАРАПАУЭРЛИФТИНГТЕН ЕЛ СПАРТАКИАДАСЫ ӨТІП ЖАТЫР  

Елордада мүмкіндігі шектеуді спортшылардың спартакиадасы жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті күні парапауэрлифтинг шеберлерінің бәсекені басталды.

Алғашқы күндері жеңіл салмақтағы ерлер және әйелдер өзара мықтыны анықтады. Токио ойындарынан кейін қатысушылар саны артты. Соған сәйкес, ішкі біріншіліктегі бәсеке де күшейді дейді ұйымдастырушылар. Парапауэрлифтинг бойынша бәсекелер әлі бірер күн болады. Жарыстың жалпы қорытындысы 7-қазанда шығады. Айта кетейік, республикалық спартаикиада 4 жылда бір болады. Биылғы бәсеке 14 бағыт бойынша өтіп жатыр. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 1700-ден аса қатысушы жиналды. Бұл ұзақ үзілістен кейінгі ең ауқымды спорттық шаралардың бірі.