Елена Рыбакина WTA рейтингінде рекордты орнына қайта оралды

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) әлемдегі үздік спортшыларының рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Хабар 24 Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 16-орынға оралды. Ал Юлия Путинцева төрт орынға көтеріліп, қазір 43-орында тұр. Зарина Дияс бір сатыға, 108-орынға көтерілді. 

Рейтингте аустралиялық Эшли Барти көш бастап тұр, екінші орында беларусьтік спортшы Арина Соболенко келеді, үздік үштікті чехиялық Каролина Плишкова түйіндейді.