Головкин абсолютті әлем чемпионы атанбағанына кім кінәлі? Абель Санчес жауап берді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері Абель Санчес GGG ұлыбританиялық Билли Джо Сондерске қарсы жекпе-жек неге өтпей қалғанын айтты, деп хабарлайды Prosports.

Боксшылар орта салмақтағы абсолют әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасуы керек болған. Себебі 2017 жыл Головкин WBA, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы еді, ал Сондерсте WBO белбеуі болды. Сол жылдары екеуі жекпе-жек өткізбек болған. Жекпе-жекті Қазақстанда өткізу жоспарланған, бірақ кездесу өтпей қалды.

«Біз, расымен де, Қазақстанда Сондерске қарсы жекпе-жек өткізу туралы келісімшарт жасасқанбыз. Бұл елордадағы ЭКСПО-2017 көрмесінде болуы керек еді. Бірақ қандай да бір себептермен ЭКСПО ұйымдастырушылары келісімшартта көрсетілгендерді орындай алмады, сондықтан жекпе-жек өтпеді. Бұл жекпе-жекті ұйымдастырудың жалғыз жолы біз Билли Джоға берген уәделерді орындау болатын. Алайда ұйымдастырушылар оған келісімшартта көрсетілген соманы бере алмады, сондықтан олар қайта келіссөз жүргізбеді. Өйткені бізде мұндай ақша жоқ еді», - деді Санчес FightHub телеарнасына берген сұхбатында.

Абель Санчестің пікірінше, сол жылы Головкин мен Сондерс жұдырықтасса, қазақстандық боксшы жеңер еді.