Арман Әшімов әзербайжан файтерін нокаутпен жеңді

Алматыда ережесіз жекпе-жектен халықаралық турнир өтті. Бұл жолы Алматы Арена спорт кешені жанкүйерлерге есігін айқара ашты. Алайда зал лық толмады. Өйткені каратиндік шектеулерге байланысты көрермен саны 50 пайыздан асқан жоқ. Бас-аяғы 13 кездесу өтті десек, осы кештің басты жекпе-жегінде Астраханда туып өскен қазақ ұлы Серік Разғалиев өзбекстандық Бекзат Искаковты айқын басмыдылықпен ұтты. Ал  жанкүйерлер Арман Әшімовтің кездесуін асыға күткен еді. Екі жыл бойы үлкен жарыстардан шет қалған Арман жан-жақты дайындық жүргізген екен. Әзербайжандық қарсыласы Серхан Валилиді  бірінші раунтта-ақ нокаутқа жіберді. Үлкен спорттағы 12-жеңісіне қол жеткізген Арманның ендігі арманы UFC (ЮФСИ) биігіне  көтерілу.

Арман Әшімов, спорт шебері:

- Ол қорғанған кезде бокста әшейін қорғанған кезде былай қорғанады ғой. Ал ол былай қорғанды. Басын ғана қорғап тұр. Оған тактика айтқан ғой. Бастан құламасаң болды деп. Басыңды қорға деген ғо. Шамамен сондай болған. Негізі мен көрдім басында да көрдім. Шыққан кезде кішкене ұрып, ол ашық айқасқа келіп терлейміз ба, кішкене күресіп сондай бірдеңе болама дегенім ғой. Өкіншке орай, бірінші ұрдым, өтті. Ол кезде қисық ұрдым. Екіншісінде дәлдеп тұрдым.

Ұлттық спорт түрлері қайта жанданды

Елдегі эпидахуалдың жақсаруы және карантин талаптарының алынуы осы бағытқа да тың серпін берді. Мәселен, елордада теңге ілуден федерация кубогі өтті. Оған 9 өңірдің өкілдері келді. Нәтижесінде түркістандық Рахат Қомбаров қарсылас шақ келтірмеді. Ол финалда 4 рет теңгені көтерді. Екінші орын батыс қазақстандық Бекнұр Серіковқа бұйырса, тағы бір түркістандық Ғалымжан Ізжанов үздік үштікті түйіндеді. Екеуі де 3 рет мүмкіндігін сәтті пайдаланған. Бірақ Ғалымжан жарыс жолағын 1 секундқа жылдам жүріп өтті. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жарыстың жалпы жүлде қоры 11 миллион теңгені құрайды. Айта кету керек, бұндай деңгейдегі жарыс елімізде алғаш ұйымдастырылып тұр.

Ерғалиев жүлдеге таласуы мүмкін

Ерғалиев жүлдеге таласуы мүмкін. Дәл қазір Норвегияда күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күндері бозкілемге еркін күрес шеберлері шықты және өкінішке орай, жерлестеріміз үмітті ақтамады. Ұлттық құраманың үздіктері іріктеу сындарынан сүрінді. Тек ауыр салмақтағы Әлішер Ерғалиде мүмкіндік бар. Ол соңғы сында иран плауанымен жолығып, ширек финал жоламасын сарапқа салған. Нәтижесінде Әлішер 6:1 есебімен есе жіберді. Енді Можтаба Голейжи финалға шықса, Әлішер қола жүлде үшін таласады. Бұған қоса алдағы күндері жарыс алаңына әйелдер мен классиктер шығады. Ослодағы жарыс 9 қазанға дейін жалғасады.