Қазақстандық қос балуан әлем чемпионатында жұбаныш белдесуіне қатысады

Норвегияда күрес түрлерінен әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өкінішке қарай, ұлттық құрама қоржыны әлі бос. Жарыстың кезекті күні әйелдер арасындағы бәсекелер өтті. Нәтижесінде жеңіл салмақтағы Асылзат Сағымбай мен орта салмақтағы Айна Теміртасова жұбаныш белдесуіне қатысып, қола жүлдеге таласады. Қос спортшы да іріктеу сынында жеңілген. Бірақ қарсыластары финалға шығып, қосымша мүмкіндік пайда болды. Ал еліміздің ең негізгі үміттерінің бірі Эльмира Сыздықова алғашқы айналымнан аса алмады. Мысырлық Самар Хамзадан жеңілді. Оның алданда қазақстандық Айша Уәлихан мен Аяулым Қасымова да жарысты аяқтады. Ослодағы дода 9 қазанға дейін жалғасады.

Елордада мүмкіндігі шектеулі спортшылардың республикалық спартакиадасы өтті

Биылғы бәсекеге 1700-ден аса қатысушы жиналды. Олар 9 күн бойы 14 бағыт бойынша сынға түскен. Соңғы жарыс күні волейболды отырып ойнау және парапауэрлифтинг шеберлері өзара мықтыны анықтады. Нәтижеісінде Алматы облысының өкілдері 258 медаль жеңіп алып, жалпы есепте бірінші сатыға жайғасты. Екінші орын Алтматы қаласының құрамасына бұйырса, атыраулықтар үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, республикалық спартакиада 4 жылда бір болады. Бұл жолғы бәсеке елдегі эпидахуал жақсарып, карантин талаптары жеңілдегеннен кейін ұйымдастырылды. Сәйкесінше, ұзақ үзілістен кейінгі ең ауқымды спорттық шара саналады.

Ұлттық құрама жасақталды

Бірер аптадан кейін волейболды отырып ойнаудан Азия чемпионаты басталады. Биылғы бәсекені Иран қабылдайды және онда әлем чемпионатының жолдамасы сарапқа салынбақ. Қазақстан құрамасы бұл сынға фаворит ретінде қатысады. Елордада өткен спартакиадада үздік ойыншылар анықталып, ел намысын қорғауға мүмкіндік алды. Ішкі біріншілікке 11 өңірдің құрамасы келген. Нәтижесінде, Қызылорда командасы топ жарды. Олар финалда атыраулықтармен жолығып, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Енді ерекше көзге түскен ойыншылар тағы бір дайындықты пысқытап, құрлықтық додаға аттанады. 

Ішкі біріншіліктегі тартыс күшейді   

«Арлан» топ басына шықты. Шайбалы хоккейден ел чемпионаты жалғасып жатыр. Көкшетаулық клуб соңғы турда елордалық «Снежные барсы» командасын қабылдаған. Алаң иелері 8 шайба соқты. Ал, жалпы ойын барысында 11 гол болды. Қорытынды есеп: 8:3. Осы жеңістің арқасында көкшетаулық клуб турнир тізімінің бірінші сатысына жайғасты. Одан кейін «Торпедо» келеді. Өскемендік клуб бұл жолы Рудный қаласының «Горняк» командасымен жолыққан. Негізгі ойын уақыты 3:3 есебмен аяқталды. Қосымша уақытта да мықты анықталмады. Ал буллиттер сериясында «Торпедо» басым болды. Соның арқасында жалпы есептегі орнын сақтап қалды. Турнир тізіміндегі үздік үштікті «Бейбарыс» түйіндеп тұр. Атыраулықтар соңғы сында «Ақтөбе» командасына есе жіберді. Қорытынды есеп: 5:1.

Айта кетейік, ел чемпионатының іріктеу сындары 21 ақпанға дейін жалғасады.

Сондай-ақ...