426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алматыда спортшылар 842 баспалдаққа бір тәулікте 82 рет мініп түсті

  • 95
  • UPD: 22:58, 06.10.2021
Алматыда спортшылар 842 баспалдаққа бір тәулікте 82 рет мініп түсті

Алматылық экстремал спортшылар Шыңғыс Байқашев пен Нияз Жанұзақов жаңа рекорд орнатты.

Олар Медеудегі 842 баспалдақтан тұратын «Денсаулық баспалдағына» 24 сағаттің ішінде 82 рет шығып түсті. Экстремалдардың мақсатына жетуіне Алматының қарлы ауа райы да кедергі келтірмеді. Олар челленджді өткен тәулікте кешкі сағат алтыда бастаған. Бір тәулік бойы баспалдақпен жүрудің қиын екені рас, сондықтан спортшылар әр 4 сағат сайын тынығып, ауқаттанып отырған. Алғашында көтеріліп түсуге 15 минуттан жұмсапты. Кейін 20 минут кеткен. Экстремалдардың мақсаты халықты салуатты өмір салтын ұстануға шақыру.

Нияз Жанұзақов, экстремал-спортшы:

- Біз «Эверест» челленджін орындауды мақсат еткен болатынбыз. Ауа райы жылы болғанда бұдан да жақсы нәтижеге жетер едік. Бір тәулікте денсаулық баспалдағына 82 рет шығып түстік. Мақсат толықтай орындалды. Енді тынығып алған соң халықаралық жарыстарға дайындықты бастаймыз. Осы челлендж арқылы алдағы жарысқа демеуші табуды да жоспарлаған едік.

Хабар 24 телеарнасы