Қазақстандық екі теннисші WTA турнирінде бір-біріне қарсы ойнайды

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Индиан-Уэллсте өтіп жатқан WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Хабар 24 Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Әйелдер арасындағы жекелей сынның бірінші айналымында ол германиялық Андреа Петковичті 7:6 (7:2), 6:1 есебімен ұтты. 

Путинцеваның келесі қарсыласы Қазақстан құрамасының өзге ойыншысы - елдің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина болады. Ол турнирді бірден екінші айналымнан бастайды. Бұл ойын 9 қазанда өтеді.