Еліміздің әйелдер арасындағы хоккей құрамасы Италиядағы іріктеу сынын сәтті бастады

Қазақстандық қыздар іріктеу сынын сәтті бастады. Дәл қазір Италияда әйелдер хоккейінен олимпиада жолдамасы сарапқа салынып жатыр.

Ұлттық құрама алғашқы кездесуінде Тайпей командасымен жолығып, айқын басымдықпен ұтты. 11-минутта Татьяна Королева есеп ашты. Артынша Брианна Бэрндсен есепті еселеді. Ал ойын соңына дейін жерлестеріміз тағы 5 рет гол соқты. Осылайша матч 7:1 есебімен аяқталды. Енді қазақстандық қыздар Испания құрамасымен кездеседі. Лицензиялық турнир 11 қазанға дейін жалғасады. Нәтижесінде үздік атанған командаға Бейжің Олимпиадасының жолдамасы беріледі. Ал қысқы ойындардың өзі 4 айдан кейін, яғни 4 ақпанда басталады.