Парапауэрлифтингтен Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

Парапауэрлифтинг шеберлері кезекті рет елордаға жиналды. Мұнда қазір командалық ел чемпионаты өтіп жатыр. Оған паралель жастар арасындағы ішкі біріншілік те басталды.

Жарысқа бас-аяғы 65 спортшы жиналды. Олар енді 10 қазанға дейін өзара мықтыны анықтайды. Нәтижесіндежеңімпаз атанғандар ұлттық құрамаға алынып, халықаралық додаларда ел намысын қорғайды. Оның ішінде Париждегі паралимпиаданың іріктеу сындары да бар.

Айта кетейік, Токиодағы ойындарда ұлттық құрама сапындағы Давид Дегтярёв тарихи жеңіске жеткен еді. Ол жерлестеріміз арасынан ең алғаш болып алтын жүлде жеңіп алды. Соның арқасында қазір отандық парапауэрлифтингте үлкен дүмпу байқалады. Қатысушылар қатары артты. ішкі бәсеке күшейді.