Головкин жапон боксшысына қарсы жекпе-жекке дайындығын бастады

Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин оқу-жаттығу жиынына оралды.

Боксшы өзінің Instagram аккауынтында фотоларын жариялады, онда  жаттықтырушы Кристофер Камачо, ағасы Максимді және супер орта салмақтағы боксшы Әли Ахмедовты көруге болады.

Triple G-дің келесі жекпе-жегі желтоқсан айының соңында өтеді. Қарсылас жапондық Риота Мурата болады деп күтілуде. Головкин соңғы рет жекпе-жекті өткен жылдың соңында өткізген.