Қазақстандық балуан Хорлан Жақанша әлем чемпионатын сәтсіз аяқтады

Қазақстандық балуан Хорлан Жақанша грек-рим күресінен әлем чемпионатындағы жорығын аяқтады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Күрес түрлерінен Ослода өтіп жатқан әлем чемпионатында отандасымыз жұбаныш белдесуінде қарсыласына жол берді. 55 келі салмақ дәрежесінде жұбаныш белдесуінде 2019 жылғы әлем чемпионы грузин Нугзария Цурцумиямен кездесті. Екеуара белдесу 0:9 есебімен грузиялық балуанның еншісіне шешілді. Осылайша, отандасымыз әлем чемпионатынан жүлдесіз қалды.

Айта кетерлігі, Хорлан Жақанша мен Нугзария Цурцумия (Грузия) 2019 жылы әлем чемпионатының финалында кездескен. Нұр-Сұлтан қаласында өткен дүниежүзілік біріншілікте де отандасымыз грузин балуанына 0:9 есебімен жол берген болатын.

Сондай-ақ, 97 келіде бозкілемге шыққан Ерұлан Ысқақов жарыстың бірінші айналымынан сүрінді. Грузиялық Георгий Мелияд отандасымызды небәрі 43 секундқа уақытынан бұрын таза жеңді.