«Барселона» неге Мессиді командада қалдыра алмады? Президент жауап берді

Каталониялық «Барселона» командасының президенті Жоан Лапорто аргентиналық шабуылшы Лионель Мессимен не үшін келісімшартты ұзартпағаны туралы айтып берді. 

«Біз Мессимен фэйр-плей ережесін сақтай алмайтын едік. Бізде оны командамызға қосуға артық ақша болмадық. Леоны командада қалдырғанымызда, жағдайымыз одан сайын қиын болатын еді. «Барселона» Мессиден жоғары тұрады. Мен клубтың жағдайын ойладым. 

Ол бізге өз нұсқасын ұсынды. Сосын біз де әрекеттеніп көрдік. Алайда Мессидің жалақысына ақша CVC-мен келісімшарт жасауымыз керек болды. Мұндай қадамға бармадық. 

Көпшілік Леоны «Барсада» жүрген сапында ПСЖ командасынан ұсынысы болғанын айтып жүр. Келіссөз кезінде оған мықты ұсыныс жасағанын білдік. Ал нақты шешім қабылдайтын кезде мен «Барселонаның» болашағын таңдадым. Тегін ойнаймын деп айтады деп ойладым. Алайда мұндай деңгейдегі футболшы тегін ойнамайды», - деп келтіреді Лапортаның сөзі Marca басылымы. 

Еске салайық, Месси ПСЖ сапында 10 тамыз күні ауысты. Ол париждік командамен екі жылғы келісімшарт жасады.