Индиан-Уэллс турнирінде Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева қарсылас атанды

Индиан-Уэллсте (Калифорния, АҚШ) өтіп жатқан WTA 1000 BNP Paribas Open турнирінің екінші айналымында екі қазақстандық теннисші Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тәжірбиелі Путинцева 6:2, 7:6 (5) есебімен басым түсті. 

Индиан-Уэллстің үшінші кезеңінде Путинцева латвиялық Елена Остапенкомен кездеседі.