Еліміздің футбол құрамасы Босния және Герцеговинамен кездеседі

Бүгін, 9 қазанда футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу сатысында Қазақстан құрамасы алтыншы ойынын елордада Босния және Герцоговинаға қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ойын елорда уақытымен 19:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Айта кетсек, бұған дейін екі құрама бір мәрте шеберлік байқасты. Биыл әлем чемпионаты іріктеу сатысындағы алғашқы ойында құрамалар 2:2 есебіне қанағат білдірді. Босния және Герцогвина бұған дейін әлем чемпионаты финалдық сатысында 2014 жылы бақ сынады. F тобында Аргентина, Нигерия және Иранмен шеберлік байқасып, үшінші орын алды. Әзірге Еуропа чемпионаты финалдық сатысында ойнап көрген емес.

Айта кетейік, қазақстандық құрама іріктеу сатысында D тобында сынға түседі. Қарсыластары Франция, Украина, Босния және Герцоговина, Финляндия. Қазақстан құрамасы бұған дейін бес ойын өткізді. Үшеуінде тең нәтиже тіркеліп, екеуінде қарсыластарына есе жіберді. Бұл топта төрт ойыннан кейін 8 ұпай жинаған Франция көш басында келеді. Қазақстан үш ойыннан кейін 2 ұпаймен бесінші орында тұр.