Ослодағы әлем чемпионатында балуан А.Кебіспаев жартылай финалға шықты

Норвегияның  Осло қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында грек-рим күресінен Қазақстан командасының капитаны Алмат Кебіспаев жартылай финалға шықты деп хабарлайды Olympic.kz.

67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Алмат Кебіспаев ширек финалда кілем қожайыны, 2020 жылғы Еуропа чемпионы Мортен Торесенмен кездескен болатын. 

Тартысты белдесудің бірінші кезеңінде Алмат қарсыласына 0:5 есебімен жол берді. Екінші кезеңде сәтті әдіс жасап, төрттаған кезінде маңызды ұпай иеленіп, 9:6 есебімен жеңіске жетті. 

Жартылай финалда Алмат Кебіспаев ресейлік Назир Абдуллаевпен белдеседі.