Қазақстан футбол құрамасы Босния және Герцеговинадан жеңіліп қалды

Футболдан 2022 жылғы Әлем біріншілігінің іріктеу кезеңі аясында Қазақстан футболшылары Босния және Герцеговина ұлттық құрамасымен кездесті.

Матч 2:0 есебімен алаң қонақтарының жеңісімен аяқталды. Қос голдың авторы Смаил Превляк. Осылайша Босния құрамасы Д тобында екінші орынға көтерілді.

Ал Қазақстан ұлттық құрамасы 3 ұпаймен соңғы, бесінші орында келеді.