Қазақстандық боксшы АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Қазақстандық орта салмақтағы Темірлан Райымқұлов (2-1-2) кәсіпқой жекпе-жегін алғаш рет АҚШ-та өткізді. Ол Филадельфияда америкалық Джедон Эрвинмен (1-0) жұдырықтасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Төрт раундтың соңында үш төреші де жеңісті қазақстандық боксшыға берді - 39:37, 39:37, 39:37.

2019 жылдан бері рингке шықпаған Темірлан шаршы алаңға жеңіспен оралды.