Агапова украиналық файтерді жекпе-жекке шақырды

Қазақстандық файтер Мария Агапова UFC Fight Night 194 турнирінде Сабина Мазоны жеңгеннен кейін украиналық Марина Морозды жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Марина Морозды жекпе-жекке шақырғым келеді, себебі сұхбаттарында ол мен туралы түрлі жаман сөз айтып жатыр. Бірақ маған басқа қарсыласты міндетті түрде дайындап қойыңыздар, себебі ол менен қорқатынына сенімдімін», – деді Агапова колумбиялық Сабина Мазоны жеңгеннен кейін.