Хоккейші қыздарымыз Олимпиада ойындарына қатыспайды

Италияда әйелдер хоккейінен лицензиялық турнир аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлттық құрама соңғы жарыс күні жергілікті командамен жолықты. Алғашқы голды қазақстандықтар соқты. 4-минутта Лариса Свиридова мүмкіндігін мүлт жібермеді. Бірақ қарсыластар матч соңына дейін таразы басын теңестіріп, тіпті алға шығып та үлгерді. Қорытынды есеп – 2:1. Осылайша Италия іріктеу кезеңінің финалына жолдама алды.

Ал Қазақстан олимпиадаға қатысу мүмкіндігінен айырылды.

Айта кетейік, бұған дейін ұлттық құрама Тайпей командасын 7:1 есебімен жеңді. Артынша Испания қыздарымен кездесіп, 2:3 есебімен есе жіберді. Нәтижесінде өз тобындағы 4 команданың арасында 3-сатыға жайғасты.