426,14 492.05 5.99
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазақстандық қыз UFC-дегі үшінші жекпе-жегінде қанша гонорар алды

  • 68
  • UPD: 22:33, 11.10.2021
Қазақстандық қыз UFC-дегі үшінші жекпе-жегінде қанша гонорар алды

UFC Fight Night 194 турнирінде өнер көрсеткен файтерлердің қанша сыйақы алғаны белгілі болды, деп хабарлайды Хабар 24 Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл кеште қазақстандық файтер Мария Агапова UFC-дегі үшінші жекпе-жегін өткізді. Отандасымыз колумбиялық Сабина Масоны жеңді.

Аталған кеште ең көп сыйақы алған бес спортшы:

Марина Родригез: 140,000 доллар (жекпе-жек үшін $42,000, жеңіске жеткені үшін $42,000, «Турнирдің үздік кездесуі» үшін $50,000 бонус, жекпе-жектен бұрынғы ынталандыру сыйақысы $6,000);

Маккензи Дерн: $126,000 (жекпе-жек үшін $70,000, «Турнирдің үздік кездесуі» үшін $50,000 бонус, жекпе-жектен бұрынғы ынталандыру сыйақысы $6,000);

Рэнди Браун: $99,000 (жекпе-жек үшін $42,000, жеңіске жеткені үшін $42,000, Гуден салмақ шегін орындай алмағаны үшін $4,000 айыпсомасын берді, жекпе-жектен бұрынғы ынталандыру сыйақысы $11,000);

Мария Агапова: $78,000 (жекпе-жек үшін $12,000, жеңіске жеткені үшін $12,000, «Турнирдің үздік кездесуі» үшін $50,000 бонус, жекпе-жектен бұрынғы ынталандыру сыйақысы $4,000);

Лупита Годинез: $74,000 (жекпе-жек үшін $10,000, жеңіс үшін $10,000, «Турнирдің үздік кездесуі» үшін $50,000 бонус, жекпе-жектен бұрынғы ынталандыру сыйақысы $4,000).

 

Хабар 24 телеарнасы