Футбол: Германия әлем чемпионатына жолдама алды

Германия әлем чемпионатының алғашқы қатысушысы атанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

 Ханс-Дитер Флик баптайтын жігіттер іріктеу кезеңінің кезекті турында Солтүстік Македония құрамасымен кездесіп, айқын басымдықпен ұтты. Қорытынды есеп: 4:0. Соның арқасында 21 ұпаймен J тобының бірінші сатысында тұр. Одан кейін Румынияда 13, Македонияда 12 ұпай бар. Сәйкесінше, Германия құрамасын ешкім қуып жете алмайды деген сөз. Соның арқасында әлем чемпионатына уақытынан бұрын жолдама алып қойды. Дүниежүзілік дода алдағы жылы Катарда өтеді. Ал Катар құрамасы аладоп аламанын қабылдаушы ел ретінде жарысқа іріктеусіз қатыса береді.