Рахат Бекболат: Әлем чемпионатында өз мақсатыма жеткенім үшін қуаныштымын

Ауыр атлетикадан Жидда қаласында (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы Рахат Бекболат өз жеңісінен соң шағын сұхбат берді, деп хабарлайды Olympic.kz.

«Мен өз нәтижем үшін қатты қуаныштымын. Барлығы демде өте шықты, қолдауларыңызға рақмет! Жарыс жоғары деңгейде өтті. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар толығымен сақталған.

Біз ұзақ уақыт бойы карантинде болғандықтан, жарыс атмосферасын сағыныппыз. Өйткені спортта залдағы атмосфераның өзі көп қуат береді.

Оның үстіне, әлемнің әр түкпірінен келген достарымызбен қауышып, мәз болыстық. Осы чемпионатта мен серпе көтеруден 200 келіні еңсергім келді. 195 немесе 197 келі аса маңызды болған жоқ. Мақсатыма жеткенім үшін қуанышым шексіз», – дейді Рахат.