Алтын да бар, күміс те бар: Алан Құрманғалиев әлемдік жарыста екі медаль жеңіп алды

Алтын да бар, күміс те бар: Алан Құрманғалиев әлемдік жарыста екі медаль жеңіп алды

Алан Құрманғалиев Оманда үстел теннисінен өткен халықаралық турнирде екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Хабар 24 ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлемдік үстел теннисінің (WTT) жасөспірімдер кезеңі бойынша өткен бәсекеде отандасымыз алтын және күміс жүлдеге қол жеткізді. 

Атап айтқанда, 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында күміс медальға ие болса, 15 жасқа дейінгі спортшылар арасында топ жарып, үздік атанды.

Айта кетерлігі, жарысқа барлығы 17 елден спортшы қатысты.