Қазақстан Түркия құрамасынан жеңілді

Футболдан Қазақстанның жастар құрамасы 2023 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеуіне қатысып жатыр, деп мәлімдеді «Хабар24».

Қайрат Нұрдәулетов шәкірттері бұл жолы өз алаңында Түркия командасын қабылдаған. Алғашқы таймда ойын тең дәрежеде өтті.

Бірақ қарсыластар қақпаға соққыны көбірек бағыттады. Сондай сәттердің бірінде қорғаушылар Энис Дестаннан көз жазып қалды. Есеп – 1:0 және бұл нәтиже матч соңына дейін сақталды.

Осылайша 21 жасқа дейінгілер арасындағы іріктеуде Қазақстан 4 ойында бір де бір ұпай ала алмады. Қазір өз тобының соңғы сатысында тұр. Енді ұлттық құрама келесі ойынын сырт алаңда өткізеді. 12 қараша күні Шотландиямен жолығады. Кездесуді Данди қаласы қабылдайды.