426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

«Бавария» футболшысы темір торға тоғытылуы мүмкін

  • 94
  • UPD: 22:46, 13.10.2021
«Бавария» футболшысы темір торға тоғытылуы мүмкін FootBoom

АS мәліметінше, «Бавария» Лукас Эрнандес заңды бұйрықты бұзды деп айыпталуда, деп хабарлайды Рrosports.kz

Оған жазасын өтейтін орынды таңдау үшін 19 қазанда Мадридке келуге бұйрық берілді.

Футболшының адвокаттары қазірдің өзінде апелляциялық шағыммен айналысып жатқаны хабарланды. Егер Эрнандес адвокаттарының әрекеті нәтиже бермесе, Лукас бір жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

2017 жылы Лукас Эрнандес өзінің сүйіктісіне шабуыл жасады деген айып тағылды. Содан кейін оған қызға жақындауға тыйым салынса да, бірақ Лукас онымен бірге демалысты өткізген.

Хабар 24 телеарнасы