«Барыс» клубы сырт айдында «Авангардтан» жеңілді

«Барыс» есе жіберді. Құрлықтық Лига аясында елордалық клуб сырт алаңда «Авангард» командасымен жолыққан. Омбы қаласында өткен матч 4:1 есебмен аяқталды.

Алғашқы голды «Барыстың» бұрынғы ойыншысы Корбен Найт соқты. Артынша Алексей Емелин көрсеткішті еселеді. Ал 50-минутта қазақстандық клуб сапындағы Никита Михайлис мергендігімен көзге түсіп, үмітті оятқан. Бірақ қарсыластар матч соңына дейін тағы 2 шайба соқты.

Айта кетейік, бұл «Барыстың» қатарынан екінші жеңілісі. Нәтижесінде Юрий Михайлис баптайтын жігіттер 17 ойыннан кейін 14 ұпай жинап, өз конференциясының 8-сатысына жайғасты. «Барыс» кезекті матчын ертең өткізеді. Тағы да сырт алаңда қытайлық «Куньлунь» командасымен жолығады.