Луценко «Джиро дель Венето» жарысына қатысты

Араға бірер күн салып Луценко тағы да халықаралық жарысқа қатысты. Бұл жолы Италиядағы «Джиро дель Венето» бәсекесінде бағын сынады.

Бір күндік велодода 1909 жылдан бері тұрақты ұйымдастырылып келеді және оның жарыс жолы 169 шақырымды құрайды. Аталған аралықты ең бірінші болып бельгиялық Ксандро Мерисс  бағындырды. 3 сағат 54 минут 11 секундта жүріп өтті. Ал «Астана» командасы сапынан ең тәуір көрсеткіш Алексей Луценкода. Ол мәре сызығын 17-ші болып кесті.

Айта кетейік, қазақстандық шабандоз бірер күн бұрын Уго Агостони кубогына қатысып, жеңімпаз атанған болатын.